"Мақтан тұтамын": Айсәуле Бақытбек анасын туған күнімен ерекше құттықтады (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек анасы Баян Мақсатқызын туған күнімен құттықтап, желіде әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Айсәуле Бақытбек анасына деген ақ тілегін Telegram-дағы парақшасында жолдаған. Желі жұлдызы анасына әсерлі жазба арнап, оған деген махаббатын жеткізген.
"Менің анам әлемдегі ең үздік ана. Ол мені танитын ең әділ, ақкөңіл, тәрбиелі адам. Біреуді өсектеу, талқылау, көреалмаушылық таныту оған мүлдем жат дүние. Ол биік ұшатын құстар қатарынан, оған бәрібір. Біреудің пікіріне, жағымсыз сөздеріне тәуелді емес. Ол ешкімге ештеңені дәлелдемейді. Өзіне ұнайтын өмірді сүреді.
Ол – керемет ана, білікті кәсіпкер, сүйікті жар. Оған қоса ол керемет перзент және әпке бола білді. Анамды мақтан тұтамын. Ол кез келген жағдайда мені бірінші болып қолдайды. Бастысы, деніңіз сау болсын. Дәл сіз менің анам болғанына қуанамын. Аллаға мың алғыс", - деп жазды блогер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2209709-maqtan-tutamyn-aisaule-baqytbek-anasyn-tugan-kunimen-erekshe-quttyqtady-foto/