"Мұндайды көрген емеспін": Лос-Анджелесте тұратын әнші Лидо орман өртінен соң эвакуацияға дайындалып жатқанын айтты
Жарияланған күні:
Лос-Анджелесте тұратын, Лидо есімімен танымал қазақстандық әнші Лидия Досалина орман өрті өршіп тұрған қаладағы жағдай туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Лидо басынан өткенін Instagram-дағы стористе баяндады.
"Достар, бізде не болып жатқанын білсеңіздер! Аз емес, көп емес, ақырзаман болып жатыр. Кеше түнде қатты жел соғып, дауыл болды! Мен Лос-Анджелесте мұндайды ешқашан көрген емеспін. Артынша өрт шығып, Лос-Анджелестегі көптеген үй мен әйгілі орындар өртеніп кетті", - деп атап өтті әнші.
Ол сондай-ақ бірнеше мың адамның эвакуацияланғанын айтты.
"Кеше кешкі сағат 7-де біздің ауданда жарық сөніп, байланыс үзілді. Түнде біраз уақытқа қайта берілді, содан бүгін түскі асқа дейін жарықсыз қалдық. Біз қауіпсіз жердеміз, бірақ эвакуациялауды күтіп отырмыз", - деп бөлісті ол.
Лидо сонымен қатар картада үйінің қай жерде екенін көрсетті, оның айналасында өрт өршіп тұр.
"Шеңберде – біздің үйіміз, ал айналасы өртеніп жатыр!", - деді шошынған ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2210034-mundaidy-korgen-emespin-los-andzheleste-turatyn-anshi-lido-orman-ortinen-song-evakuatsiiaga-daiyndalyp-zhatqanyn-aitty/