Ләйлә Сұлтанқызы Жазира Байырбекованың үйін көрсетті (видео)
Жарияланған күні:

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке әнші Жазира Байырбекованың үйін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Ләйлә Сұлтанқызы Жанболат пен Жазираның үйінде қонақта болып, сол сәтті пайдаланып көпшілікке жұлдызды жаұняның баспанасын көрсетуді шешкен. Тележүргізуші үй иелерінің рұқсатын алып, Instagram-дағы парақшасында рум-тур жасаған.
Бейнежазбада Жазира Байырбекова әр бөлмені өзі көрсетіп, оның кімге тиесілі екенін айтты. Жұлдызды отбасының үйінде ерлі-зайыптының, балаларының бөлмесі, қонақтарға арналған бөлмелер, ас үй бөлмесі және жуынатын бөлмелер бар.
"Өмірімде бірінші рет рум-тур жасадым өзімше. Жазира Байырбекова өзі, жүрегі, пейілі қандай ақ, үйі де сондай жарық, таза, жылы. Сыйластығымыз үзілмесін. Көңіліңе рақмет", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2211725-laila-sultanqyzy-zhazira-baiyrbekovanyng-uiin-korsetti-video/