"Алла сұрағанымды берді": үшінші рет шаңырақ көтерген Жахан Отарғалиев жаңа отбасын көрсетті (видео)
Жарияланған күні:

Жуырда сүйіктісімен некеге тұрғанын хабарлаған Жахан Отарғалиев жаңа отбасын көрсетті. Ол Instagram-дағы парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жақында ғана халықтан сүйінші сұрап, отбасылы болғанын хабарлаған Жахан Отарғалиев желідегі парақшасына жаңа видео жариялады. Видеода ол бұған дейін берген сұхбаттарының бірінен үзінді жариялаған. Онда ол: "Тек қана баласы бар келіншек аламын" деп айтқанын көруге болады. Сонымен бірге видеодан екі кішкентай бүлдіршінмен ойнап, бірге фильм тамашалап отырған кадрларда байқауға болады. Видеоға түсіндірме ретінде ол:
"Алла сұрағанымды берді", - деп жазып қойды.
Ал желі қолданушылары болса, оның отбасылық видеосына сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырды.
"Қазақтың қыздарына пана бола білген бір кісі мың кісінің жасай алмайтынын жасады деп ойлаймын", "Сауапты әрекет жасапсың", "Берекелі отбасы болыңдар", "Баласымен алу нағыз батырлық", - деп жазған желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2213367-alla-suraganymdy-berdi-ushinshi-ret-shangyraq-kotergen-zhahan-otargaliev-zhanga-otbasyn-korsetti-video/