"Ана жүзіндегі қуанышты көру үлкен бақыт": Ләйлә Сұлтанқызы анасына тосынсый жасады (видео)
Жарияланған күні:

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасына тосынсый жасап, қуантты. Ол анасына кіші қажылыққа жолдама сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ана жүзіндегі қуанышты көру үлкен бақыт!" - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы желіде жариялаған видео сипаттамасында.
Тележүргізушінің анасы осымен үшінші рет кіші қажылыққа (умра) барғалы отырғанын атап өтті.
Видеоны көрген желі қолданушылары жылы лебізін білдірген. Олардың кейбірі көз жасына ерік бергенін жасырмаған.
"Анаңыз аман болсын. Барша аналарға амандық тілеймін. Қандай керемет сыйлық. Көзімнен еріксіз жас шығып, қуанып отырмын. Бізге де анамызды умраға алып баруды жазсын", "Күшті, құтты болсын, қабыл болсын!", "Менің мамама да жұғысты болсыншы", "Қуаныштан жылап жібердім. Анашым есіме түсіп кетті", "Алла қабыл қылғай. Жүзі жылы анамыздың", "Аналарымыз аман болсын! Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Ниеттеріңіз қабыл болсын!", "Қабыл болсын! Анаңыз керемет сұлу екен", - деп жазған желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2218194-ana-zhuzindegi-quanyshty-koru-ulken-baqyt-laila-sultanqyzy-anasyna-tosynsyi-zhasady-video/