Ең сұлу татар қыздарының рейтингіне Қазақстан жұлдыздары енді (фото)
Опубликовано:
Ресейлік top-antropos.com сайты ең сұлу татар қыздарының рейтингін жасады. Оған татар ұлтының 35 өкілі енген.
Олардың арасында белгілі қазақстандық әнші мен актриса да жүр.
Актриса Линда Нигматулина 21-нші орыннан көрінді. Линда 1983 жылы Алматыда дүниеге келді. Оның әкесі - актёр Талғат Нигматуллин - жартылай татар, жартылай өзбек, ал анасы - актриса Венера Ибрагимова / Нигматуллина - жартылай татар, жартылай ұйғыр.
20 орын: Динара Валеева - актриса.
19 орын: Венера Гимадиева - Ресейдің Үлкен театрының әншісі.
18 орын: Алия Шарафутдинова - әнші.
17 орын: Нафиса Хайруллина - Татар мемлекеттік академиялық театрының актрисасы.
16 орын: Яна (Янина) Батыршина - спортшы, көркем гимнастика бойынша Еуропаның бес дүркін чемпионы, әлемнің жеті дүркін чемпионы. Қазір тележүргізуші. Янаның әкесі - татар, анасы - еврей.
15 орын: әнші Алсу Зайнутдинова. Сахнадағы лақап аты - АсылъЯр.
14 орын: актриса Эльмира Туюшева. 1995 жылғы Ресей аруы.
13 орын: түрік актрисасы Айдан Шенер. Көрермендерге "Королёк — птичка певчая" сериалынан Фериде ролімен етене таныс. Актрисаның аталары 1977 жылы зорлықпен христиан дінін қабылдату кезінде Түркияға көшіп кеткен.
12 орын: модель Эльвира Сабирова.
11 орын: әнші Дина Валиева.
10 орын: Альбина Замалеева - "Татарстан жастары-2012 аруы".
9 орын: Карина Абдуллина - "Мюзикола" дуэтының мүшесі, әнші.
8 орын: Алина Кабаева - әйгілі ресейлік спортшы. Көркем гимнастика бойынша Олимпиада чемпионы, әлемнің, Еуропа мен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы, қазір РФ Мемлекеттік думасының депутаты.
7 орын: Рената Зайнулина - модель, "Miss World Fashion 2012" сайысының жеңімпазы.
6 орын: Алсу - әнші, Татарстанның Халық әртісі.
5 орын: Альбина Гилязова - модель, "Краса России 2009" сайысының жүлдегері.
4 орын: Резеда Хазеева - Казань аруы - 2009.
3 орын: Ирина Шайхлисламова (Шейк), модель.
2 орын: актриса Чулпан Хаматова.
Ең сұлу татар қызы болып сайтта әнші Рената Байкова (1987, Уфа) көрсетілген. Оның сахнадағы лақап еты - Rene.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/236866-en-sylu-tatar-kyzdarynyn-rejtingine-kazakstan-zhyldyzdary-endi-foto/