Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлтан Бейбарыс туралы жаңа фильм түсірілмекші

Опубликовано:

Жақында күллі араб елдерінің басын қосқан Сұлтан Бейбарыс жайында жаңа кино түсірілмекші.

Оны Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітінің директоры Наджих Бкерат қолға алмақ. Бүгін Алматыға арнайы келген мейман Бейбарыс бабаны жіті зерттеген екен. Тіпті, мұрағаттардан тарихи тұлға туралы талай тың деректерді де тапқан.

Құддыс қаласындағы мұрағатта 20 жылдан артық жұмыс істеген ол - Бейбарыс сұлтанның қолына ұстаған Құран кітабын да кезіктірген. Енді сол мұраларды бір фильмге тоғыстырып жұрт назарына ұсынбақ. Әзірге жаңа киноның сценариі жазылып, қай тілде түсірілетіні талқылануда.

"Сұлтан Бейбарысты мен "Исламның арыстаны, ұйықтамайтын патша" деп суреттер едім. Себебі, ол көп сапарда жүріп, тіпті тынығып алуға уақыты болмаған. Егер осы фильм жарыққа шықса, ол бүкіл Ислам әлемін дүр сілкіндіретін фильм болатынына сенімім мол", -  Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітінің имамы, профессор Наджих Бкерат.

Бұл фильмді түсіру үшін шетелден келген қонақтар алдымен Бейбарыс бабаның жүріп өткен жолдарын түгел араламақшы. Себебі, бұған дейін шыққан Сұлтан Бейбарыс туралы тарихи киноларда оның 2 мәрте қажылыққа барғаны, пайғамбардың қабірін қайта жөндеуден өткізгені айтылмаған екен. Ал жаңа фильмде тың деректер мен қолжазбалар пайдаланылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/265124-syltan-bejbarys-turaly-zhana-film-tysirilmekshi/

pixel