Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова ана атанды
Опубликовано:
Отандық кинематографияның жарық жұлдызы, актриса Қарлығаш Мұхамеджанова жақында ана атанды. Сүйінші хабармен Қарлығаштың анасы Нұржамал Үсенбаева "Хит ТВ" арнасына берген сұхбатында бөлісті.
"Қарлығаш бізге жиен сыйлап, бәрімізді қуантты. Қазір Ажар есімді үш айлық тәп-тәтті бөбегі бар. Бесінші мәрте немере сүйіп отырғаныма бақыттымын" дейді Халық әртісі.
Ырымды қатты ұстанатын әртіс нәрестесінің дүниеге келгенін біразға дейін жария етуді жөн көрмеген. Балғымбаевтар әулетінің келіні сәбиіне есімді атасы қойғанын айтты деп жазады Lite.BNews.kz.
Еске сала кетсек, актриса былтыр қыркүйек айында тұрмыс құрған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/265728-aktrisa-karlygash-myhamedzhanova-ana-atandy/