"Абайдың балалық шағы" 3D мульфильмі түсірілуде

Опубликовано:

Қытайдың Үрімші қаласындағы қандастар "Қазақфильм" киностудиясымен бірлесіп, Абайдың балалық шағын бейнелейтін 3D форматындағы көпсериалы мультфильм түсіріп жатыр.

Мұндағы мақсат – бала Абайды жас жеткіншектерге үлгі етіп, даналығын бойларына сіңіру. Мультфильмнің мазмұны да, аты да - "Абайдың балалық шағы".

Түсірілімі жуырда басталады. Мультфильм тек қазаққа арналмаған. Дана атамызды барша ұлт танысын деген ниетпен ол қытай, орыс, ұйғыр тілінде де шығарылмақ. Кейіннен тағы бірнеше шет тілдерге аударылады. Әрқайсысы 13 минуттан тұратын 104 серияда Абайдың балалық шағы түгел баяндалмақ.

"Абайдың идеясы бүкіл адамзаттың идеясы. Бала – болашақ. Егер балалар Абайдың балалық шағын біліп, ер жететін болса, болашақта Абайдың кім екенін, Абай идеясының қандай екенін, қазақтың кім екенін біле алады", - дейді "Абай жолы" анимациялық компаниясының директоры Ғұсман Қажытай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/276549-abajdyn-balalyk-shagy-3d-mulfilmi-tysirilude/