"Меломен" тобының мүшесі шаңырақ көтерді

Опубликовано:

"Меломен" тобының мүшесі Ролан Қазрет отау тікті, деп хабарлайды Baq kz тілшісі.

Жас жұбайлардың үйлену тойлары 13 тамызда Алматы қаласында өткен. Күйеу жігіттің сөзіне қарағанда той қазақтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпы бойынша өткізілген.

Енді топтағы Жігер мен Ролан отбасылы болса, Қайрат пен Ғабит өз бақыт құстарын қолдарына қондыруға асығып отыр.

"Меломен" тобы 2008 жылы құрылған. Топ құрамы Қайрат, Ғабит, Жігер және Роллан есімді төрт жігіттен тұрады.

Олар "Жас қанат-2007", Халықаралық "Шабыт-2008", "Абай әндері" ән байқауларында өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне білді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/277060-melomen-tobynyn-myshesi-shanyrak-koterdi/