Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" "Сұлтан Сүлеймен" сериалының бір сериясын €5 мыңға сатып алды

Опубликовано:

"Хабар" арнасы белгілі "Сұлтан Сүлеймен" түрік телехикаясының бір сериясы 5 мың еуроға сатып алған.

Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Басқарма төрағасының айтуынша, шетелдік өнімдерді сатып алуға арна бюджетінің 1 млрд теңгеден астамы жұмсалады екен. Айталық, белгілі "Сұлтан Сүлеймен" түрік телехикаясының бір сериясын агенттік 5 мың еуроға сатып алған.

"Сұлтан Сүлеймен" телехикаясы рейтингісі ең жоғары және қымбат сериал болды", - деп атап өтті Айдос Үкібай.

Басқарма төрағасы өз сөзінде арнаның коммерциялық табысына да тоқталды. 2011 жылы арнаның коммерциялық табысы 1 млрд 319 млн теңге болса, 2012 жылы бұл сома 1 млрд 242 млн теңгені құраған.

"Бұл қаражаттың барлығы дивиденд арқылы мемлекетке беріледі. 50 пайызын арнаның дамуына жұмсадық. Техникалық жабдықтауға қажет қаржыны коммерциялық табысымыздан жұмсаймыз", - деді ол.

Ал "Қазақстан" РТРК шетелдік туындыларды сатып алуға бюджеттің 5,4 пайызын жұмсайды. 2010 жылы арнаның жарнамадан түскен табысы 990 млн теңге болса, 2011 жылы ол 1 млрд 130 млн теңге, 2012 - 1 млрд 452 млн теңгеге жеткен.

2013 жылы да арнаның коммерциялық кірісі 1 млрд 450 млн теңге шамсында болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/284045-habar-syltan-sylejmen-serialynyn-bir-seriyasyn-5-mynga-satyp-aldy/