Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі әншінің отбасында күтпеген оқиға орын алды

Опубликовано:

Белгілі қазақстандық әнші Асқар Жүнісбековтің отбасы Түркиядан төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы ұшағымен Алматыға жеткізілді.

Жүнісбеков жұбайымен қыркүйектің ортасында түрік еліне демалысқа аттанған екен. Отанына оралар сәтте жұбайын толғақ қысып, Анталия перзентханаларының бірінде қыз баланы дүниеге әкеледі.

"Келіншегім демалыс алдында өзін жақсы сезінген болатын. 5 сағат ұшақта отырсақ та, дәрігерлер ештеңе болмайды деп сендірді. 7 айлық қызым 1 келі 250 грамм болып туылды. Қазір қалдары жақсы. Есімін Әйгерім деп қойдық" дейді әнші.

Жасанды аппаратпен тыныстаған сәби ол жақта 10 күн емделіпті. Кейіннен дәрігерлер ем-домға күніне 2000 доллар сұрағасын, жас ата-ана елге оралудың қамын жасаған.

ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің араласуымен арнайы ұшақ жіберіп, сәби ата-анасымен аман-есен Қазақстанға жеткізілді. Әйгерім - эстрада орындаушысының екінші перзенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/284942-belgili-enshinin-otbasynda-kytpegen-okiga-oryn-aldy/

pixel