Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Хюррем Сұлтан халықтың көңілінен шықпады

Опубликовано:

"Сүлеймен сұлтан" сериалындағы жаңа Хюрремді көрермен қауым қабылдамай отыр деп жазады Lite.BNews.kz.

Қазір Хюррем сұлтанның рөлін М.Узерлиден жас жамасы әлдеқайда үлкен түрік актрисасы Вахиде Гердюм сомдап жатыр. Сериал табынушылары жаңа рөлге бекітілген танымал актрисаны сынға алып жатқан көрінеді.

Танымал түрік сериалының төртінші маусымы қазір ресейлік арналардың бірінен жүріп жатыр. Хюрремнің рөлінде - түрік актрисасы Вахиде Гердюм.

Актрисаның айтуынша, көрермендер оны "көріксіз, ажарсыз, тым кәрі көрінеді, актерлік шеберлігі төмен" деп, намысына тиіп отыр.

Соған қарамастан актриса жұрттың көңілінен шығу үшін барын салмақ. Ол: "Әрине, мен Мерьем сияқты 29 жаста емеспін. Осыдан 20 жыл бұрын мен де ажарлы болдым. Дегенмен, уақыт өзінікін алады. Бірақ мен мойныма алған маңызды тапсырманы орындауға міндеттімін. Ол үшін аянбаймын",- дейді.

Телехикаяның алғашқы сериясынан бастап Хюрремді сомдаған Мерьем Узерлиге көрермендердің көзі үйреніп қалғаны белгілі. Алайда, актриса белгісіз себептермен сериалға түсуден бас тартты.

Оның сериалдан кету себебін жұрт сан-саққа жүгіртті. Қайтып келеді деген де қауесет болды. Бірақ Хюррем қайтып оралмады. Оның рөліне бекітілген түріктің танымал актрисасы Вахиде Гердюм, көрермендердің қатаң сынына ұшыраса да, міндетін орындайтынын айтады.

"Уақыт өте келе халық мені де қабылдайды деп ойлаймын. Ол үшін барымды саламын",- дейді ол.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/294128-zhana-hyurrem-syltan-halyktyn-konilinen-shykpady/