Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Омбыда қазақ тілінде газет жарыққа шықты

Опубликовано:

Ресейдің Омбы қаласында мәдени-ағартушылық бағыттағы қазақ тіліндегі "Замандас" газетінің алғашқы саны шықты.

Бұған дейін Атамекен газеті шығып тұрған, деп жазады "СуперОмск" басылымы. Басылым "Шоқан жолы" Қазақ дәстүрінің қайта өркендеуі" аймақтық қоғамдық ұйымының мұрындық болуымен жарияланды. Бұған дейін ол орыс тілінде шығып тұрса, енді қазақ тілінде де жарияланып тұрмақ.

"Бұл - Омбыдағы қазақ қауымына арналған мәдени-ағартушылық газет. Онда дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет сынды мәселелер қозғалмақ. Қазақ тілін үйренуге бір бет арнаймыз. Сосын Омбы облысында тұратын адамдар жайлы жазамыз", - деді Максим Споткай.

Басылымның бірінші саны Ресейдің Азиялық бөлігіндегі мұсылмандар діни басқармасы Сібір федералдық округінің мүфтиі марқұм Анарбек Жүнісовке арналған. Газеттің таралымы - 999 дана.

Бағасы әлі нақтыланбаған. Қай жерде сатылатынын қаңтар айының соңында Қазақстанның Омбыдағы консулдығынан хабарланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/298241-ombyda-kazak-tilinde-gazet-zharykka-shykty/

pixel