Шахаризат Сейдахмет "Қазақстан дауысының" жеңімпазы атанды
Опубликовано:
"Қазақстан" Ұлттық телеарнасында өткен жылдың маусым айында тұсауы кесілген жоба - "Қазақстан дауысы" кеше мәресіне жетті.
Тыңдармандар дауысы бойынша жеңімпаз атанған торғайлық - Шахаризат Сейдахмет. Ол 1986 жылы 12 қарашада дүниеге келген. Тәлімгері - Нұрлан Албан.
Шахаризат жоба бойы дәстүрлі әннің орындаушысы ретінде танылды. Ақтық сында да орындағаны - халық әні "Саған халқым".
"Қазақстан дауысы" атағына лайықты деп танылған оған әлемге әйгілі "Universal" дыбыс жазу студиясымен бір жылға келісімшартқа отыру мүмкіндігі бұйырды және 5 миллион теңге қаржылай сыйақы табысталды, деп хабарлайды "Қазақстан" ұлттық арнасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/298769-shaharizat-sejdahmet-kazakstan-dauysynyn-zhenimpazy-atandy/