Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енбек

Опубликовано:

Маңғыстау шеберлері жасаған киіз үй ЮНЕСКО-ның қорғауына алынбақ.

Ел үкіметі атадан қалған киіз үйді көздің қарашығындай сақтап, оны жасау өнерін насихаттау мақсатында бүкіләлемдік құнды мұралар тізіміне енгізу туралы ұсыныс жасаған болатын. Таңдау ұлттық қолөнерді сол қалпында сақтаған Маңғыстау өңіріне түсті.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 2 жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ЮНЕСКО-ға ұсыныс әзірледі. Жапонияның Осако қаласындағы халықаралық этнографиялық мұражайда сақтаулы тұрған киіз үй - маңғыстаулық шебердің туындысы.

50 жыл бұрын жасалған құнды жәдігер талайдың таңдайын қақтыруда. Енді Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан киіз үй тек күншығыс еліне ғана емес, бүкіл әлемге танылмақ. Ұлттық өнердің озық үлгісі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне халықаралық аталым бойынша енгізілмек.

Себебі киіз үй Еуразия көшпенділеріне ортақ баспана болған. Егер ұлттық жәдігеріміз ЮНЕСКО-ның құнды мұралар тізіміне енсе, қолынан бал тамған шеберлеріміздің ісіне қан жүгіреді. Ал бастысы - қазақтың дәстүрлі өнері қорғалып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасады, деп жазады 24.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/299510-kiiz-yj-yunesko-tizimine-enbek/

pixel