Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұсылман елдері "Нұх" фильмінің прокатынан бас тартып жатыр

Опубликовано:

Катар, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктерінің реттеуші органдары Даррен Аронофскидің дүниені топан судың жайлағаны жайындағы "Нұх" атты фильміне прокаттық куәліктер беруден бас тартты.

Дәл осындай қадамға Иордания, Кувейт пен Египет те барады деп күтілуде. Соның ішінде Египетте аталмыш фильм экранға 26 наурызда жол тартуы керек болатын. Бұл туралы Paramount кинокомпаниясына сілтеме жасап The Hollywood Reporter хабарлаған.

Тоқтала кететін жайт, мұсылман дәстүрлеріне орай пайғамбарлар мен Алланың Елшілерін фильмдерде сомдауға, бейнелеуге жол берілмейді. Сондықтан да, Таяу Шығыс елдерінде осындай шектеу жасалып отыр.

Сонымен қатар, исламда Нұх пайғамбар айтулы бес пайғамбардың біріншісі әрі Оның бейнесі фильм сюжетінде әлемдік топан суға орай қатыстырылып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Paramount компаниясы "Нұх" фильміне қатысты қосымша түсіндірулер арқылы жарнамалық материалдар жасап, онда картинаның көркем туындыға негізделгенін, ал Нұх пайғамбар туралы інжіл тарихының түпнұсқасын "Бытия" кітабынан оқуға болатынын қамту туралы шешім қабылдаған еді.

Сонымен қатар, студия көрермендердің ашу-ызасын тудырмас үшін туындының бірнеше нұсқасын әзірлеген болатын.

Бұған қоса, Аронофски авторлық нұсқаның прокатын өткізуге барын салған еді. Аронофскидің жаңа туындысында басты рөлді Рассел Кроу сомдайды, онымен қоса фильмде Эмма Уотсон, Дженнифер Коннелли, Энтони Хопкинс пен Рэй Уинстон ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/305534-mysylman-elderi-nyh-filminin-prokatynan-bas-tartyp-zhatyr/

pixel