Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даңқты балетмейстер Рамазан Бапов өмірден озды

Опубликовано:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев даңқты балет бишісі, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Рамазан Баповтың өмірден озуына байланысты оның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекет басшысы жеделхатта Рамазан Баповтың өз өмірін өнерге арнап, зор табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды.

"Ол ұзақ жыл Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жемісті еңбек етіп, айтулы спектакльдердегі басты партияларды үлкен шеберлікпен орындап, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді", - делінген жеделхатта.

Рамазан Бапов өз өнерін әлемнің көптеген елінің сахналарында да паш етті. Ұстаздық қызметпен айналысып, шәкірттер тәрбиеледі. 2008 жылы Елбасының шақыруымен елге оралып, туған театрының шығармашылық тұрғыдан одан әрі кемелдене түсуіне лайықты үлесін қосты.

Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы оның есімі мен еңбегін әрдайым есте сақтайтынын атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/305769-dankty-baletmejster-ramazan-bapov-omirden-ozdy/

pixel