Италияда Микеланджелоның "Давид" мүсіні құлауы мүмкін
Опубликовано:
Қайта өрлеу кезеңінің белді өкілі, әйгілі суретші Микеланджелоның "Давид" мүсіні қирап қалудың сәл-ақ алдында тұр.
Ғалымдар жүргізген зерттеуден кейін оның кейбір бөліктерінің шытынағаны анықталды.
Қаншама жылдар бойы жақсы сақталып келген "Давидтің" тобығында көзге көрінер-көрінбес жарықшақтар пайда болған. Енді жер сілкініп, немесе жақын маңда жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, әйгілі ескерткіш құлап, қирап қалуы ғажап емес.
Давид ең алғаш Флоренцияда 1504 жылдың 8 қыркүйегінде көпшілік назарына ұсынылды. Мәрмәрдан тұрғызылған мүсіннің биіктігі бес метр.
Алты ғасырдан бері ол бүкіл Италияның мәдени мұрасына және мақтанышына айналып отыр. Түпнұсқасы Флоренциядағы Көркемөнер академиясында сақтаулы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/312640-italiyada-mikelandzhelonyn-david-mysini-kylauy-mymkin/