Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет биыл 60 жасқа толды

Опубликовано:

Өлең-сөздің хас шебері, қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулет биыл 60 жасқа толды.

Шығыстағы Сауыр-Сайхан тауынан түлеп ұшқан мұзбалақ "Жылқы жылындағы жүздесу" атты кешке Секен Тұрысбеков, Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Меруерт Түсіпбаева, Айтгүл, Қанат Құдайбергеновтер сынды өнер жұлдыздары қатысып, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап шықты.

Бұдан бөлек, Ұлықбек Есдәулетті асқарлы 60 жасқа толуымен қала және облыс әкімдері, ақын-шайырлар құттықтап, астына темір тұлпар мінгізді.

Классик ақынды құрметке бөлеп, Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/313712-kornekti-akyn-ylykbek-esdeulet-biyl-60-zhaska-toldy/

pixel