Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дильназ күйеуін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық белгілі әнші Дильназ Ахмадиева осыдан үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан болатын. Алайда ол осы уақытқа дейін өзінің сүйіктісін журналистерге көрсетпей жасырып келді.

Дильназдың күйеуінің аты Ахмад және оның кәсіпкер екені ғана белгілі болатын жұртқа. Енді міне, таяуда әнші күйеуінің суреттерін ғаламторға салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Инфо-Цес" сайтына сілтеме жасай отырып.

Дильназ күйеуі екеуінің бірге түскен суреттерін ғалаторға салыпты. Суретке әнші "Менің күйеуім, менің махаббатым, менің өмірім, менің демім, менің қуатым. Сені маған кезіктірген Жаратқаныма алғысым шексіз. Сүйемін" деп жүрек тебірентер лебізін жазған екен.

Дильназ өзінің сұхбаттарында жақында сәбилі болуды жоспарлап жүргендерін талай рет айтқан болатын. Әншінің ата-анасы да немере сүюді армандап жүрген көрінеді.

"Леди Mail.Ru" порталының журналистері анықтағандай, әнші өзінің сүйіктісімен гастрольдік сапарлары кезінде танысқан екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/324123-dilnaz-kyjeuin-korsetti-foto/

pixel