Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі әншілердің баласын әлеуметтік желілерде "рушылдықта" айыптады

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының белгілі жұлдызды тобы Жанболат пен Жәзира жалғыз баласы Қазбекті инста-достарына таныстырамыз деп, артынан оны ақтап сөйлеулеріне тура келді.

Әнші әрі тележүргізуші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі достарына баласының инстаграмға тіркелгенін, қалаушылар болса, онымен достасуына болатынын айтқан. Онда Қазбек @ALIM_KAZBEK деген атпен тіркеліпті.

Осы жарияланымнан кейін жазылушылар арасында ру сұрасу басталған. "Әлімнің қайсысы боласыз? Қай жақтың Әлімдері" дегендей.

Қызу талқының ішінде соңғы кезде танымал жастар өзінің шынайы аты-жөнімен емес, руын, жерін, жүзін жамылып танылғанды сәнге айналдырғаны айтылады.

Осыдан кейін әнші инста-достарына баласының неге бұлай тіркелгеніне түсіністікпен қарауға шақырады.

Есте болса, бұған дейін Жанболат пен Жазираның баласы Қазбек журналистердің бір сауалына, мектепте мұғалімдер "әншінің баласы, ата-анаңның айтқан әндерін сүйіп тыңдаймыз" деп, бестік баға қоя салатын кездері көп болғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/326726-belgili-enshilerdin-balasyn-eleumettik-zhelilerde-rushyldykta-ajyptady/