Қазақстандық жас әнші жүлдегер атанды
Опубликовано:
Қазақстандық жас әнші Мұхамедәлі Жүгінісов балалар арасында өтіп жатқан "Новая волна – 2014" байқауында 3-орынды иеленді деп хабарлайды Қазақпарат.
Жерлесіміз Сейдолла Бәйтерековтің әйгілі "Әлия" әнін орындап, қазылардың жүрегін жаулап алды. Олардың барлығы жас әншіге 11 ұпайдан қойды.
Айта кетейік, балалар арасындағы "Новая волна – 2014" байқауы Қырымдағы "Артек" лагерінде өтті. Байқауға 11 елден 17 орындаушы қатысқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/327379-kazakstandyk-zhas-enshi-zhyldeger-atandy/