Әнші Динара Қырықбаева күйеуге шықпақ
Опубликовано:
Ел ішінде "Динара Қырықбаева тұрмысқа шыққан. Жуырда ажырасыпты" деген сыбыстар желдей есіп жүр. Бірақ, мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Себебі, әнші қыз әлі тұрмысқа шықпаған деп жазады juldizdar.kz.
Әйткенмен, қара қыздың ақ көйлек киер сәтінің ауылы да алыс емес секілді. Инстаграм желісіне "Сүйіктім ұсыныс жасады" деген сүйінші жаңалық пен фотосуреттерді жүктеген.
Ал, сұлудың жүрегін жаулаған бұл бейтаныс жігіт туралы ақпарат жоқ. Тілшілер анықтамақ болып телефон соққанда Қырықбаеваның телефоны өшірулі тұрды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/327591-enshi-dinara-kyrykbaeva-kyjeuge-shykpak/