Ресей эстрадасының танымал әншісі Алматыны Астанамен шатастырып алды

Опубликовано:

Қала күнін тойлау үшін Алматыға арнайы келген украиналық әнші Ани Лорак алмалы қаланы Астанамен шатастырып алды.

Ани Лорак

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Muzzone телеарнасының ЕМА 2014 музыкалық жүлдесін табыстау рәсімінде қонақ болған Ани Лорак ән арасында бірнеше рет "Астана" деп айғайлады. Шамасы, әнші Қазақстан астанасы әлі де болса Алматы деп ойласа керек.

Кеш барысында қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің "Зажигай сердце" әнін орындаған Ани Лоракқа "Еуразияның үздік әртісі" атағы берілді. Әншіге бұл сыйлықты Muzzone телеарнасының бас директоры Арманжан Байтасов табыс етті.

Сахнада сөз алған Ани Лорак өз өнерін құрметтеген қазақстандық әнсүйер қауымға және өзінің туып-өскен отаны Украинаға алғысын жеткізді.

Алматыны Астанамен шатастырып алғаны үшін әнші сол күйі кешірім сұраған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/332396-resej-estradasynyn-tanymal-enshisi-almatyny-astanamen-shatastyryp-aldy/