Қазақ эстрадасындағы ең табысты әншілердің жаңа рейтингі жасалды

Опубликовано:

Қазақ әншілерінің ішінде ең көп табыс табатын Қайрат Нұртас. Бұл туралы ztb.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Табысы мол әншілер көшінде Қайрат Нұртастың көші ілгері. 25 жасында ол 9 альбом шығарып үлгерген. Одан бөлек, "Өкініш" биографиялық фильмі мен өзінің киім жүйесін де ретке қойды. 2013 жыл Қайрат үшін өте сәтті өтті деуге болады.

Forbes мәліметі бойынша ол $2,04 млн табыс тауыпты. Қайраттың бір тойға шығуы $7000 тұрады. Енді ол өзінің брендтік әуе жүйесін іске қосуды қолға алуды жоспарлап жүрген көрінеді. Бір қызығы, Қайраттың қазақ эстрадасына келгеніне небәрі алты-ақ жыл толды.

Екінші орында елдің сүйікті тобы – "Музарт" тобы. Қазақ эстрадасында жүргеніне 13 жыл болған топтың тойдағы гонорары - $6000-ды құрайды. Бүгінде "Музарттың" ән жазатын студиясы бар.Жақында ғана Алматыда дүркітеріп концерт берген Қыдырәлі мен Қарақат табысты әншілер тізімінде үшінші орында тұр. Төрт ұлды тәрбиелеп отырған ата-ана әннен бөлек ойыншықтарды шығаруды да жолға қойған. Сонымен қатар, Қыдырәлі Болманов "Ұлытау" тобына да продюсерлік етеді. Жұлдызды жұптың тойдағы гонорары – $6000-ға тең.

Мәдина Сәдуақасова табысы жөніне төртінші орында. Ол тойда ән шырқағаны үшін $5000 cұрайды.

Бесінші орында Ділназ Ахмадиева, алтыншы сатыда Лидо орналасты.

Табысты әншілер арасында "Ринго" тобы жетінші сатыға табан тіреген. Топтың жылдық кірісі $576 мыңға тең.

"Кешью" тобы сегізінші, "Жігіттер" квартеті тоғызыншы орында. Қыздар мен ерлерден құралған бұл екі топтың тойда өнер көрсетуі $5000-ға бағаланады.

Ал табысы мол әншілердің үздік ондығын Әли Оқапов түйіндеп тұр. Әли тойда қонақтардың көңілін көтеріп, өнер көрсетуі үшін 4000 АҚШ долларын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/332822-kazak-estradasyndagy-en-tabysty-enshilerdin-zhana-rejtingi-zhasaldy/

jitsu gif