"КешYOU" тобының әншісі көпшілікке жігітін таныстырды (фото)

Опубликовано:

Әнші Айдана Меденова мен продюсер Алишер Нуржановтың инста достарымен, өнердегі достары төмендегідей суреттерден кейін екеуіне бақыт тілеуі жиілеп кетті.

Алишер мен Айдананың бірге түскен суреттерді бірде жария етіп, бірде алып тастап, одан қалаберді сурет соңына жазған пікірлері екеуінің арасында сезімнің барын дәлелдей түседі.

Бұған дейін, Айдана өзінің инстапарақшасына мына суретті ілген болатын. Көп уақыт өтпей өзі жария еткен суретті  Айдананың өзі алып тастады.

         

Айдананың инстаграм-достары продюсері Баян Есентаева суретті алдыртып тастаған болар деп жатты. Қалаберді, әншіге "өз махаббатын қорғауға, ашық айтуға немесе қалаған сәтте тұрмысқа шығуына да құқығы жоқ", - деп жаны ашығандар болды.

Алишердің жеке парақшасындағы достары екеуінің қарым- қатынасына байланысты түрлі сұрақтар қойып жатыр. Алайда қазірге еш жауап жоқ.

Айдана көпшілікке КешYOU тобы арқылы танылған болса, Алишер - шоу-бизнес саласында продюсерлігімен өз орнын тапқан азамат. Алайда екеуінің инста-достары айтқан "Жасырын махаббаты" тойға ұласады ма, әлде жасырын күйінде қалып қояды ма  - ол уақыт еншісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/335828-keshyou-tobynyn-enshisi-kopshilikke-zhigitin-tanystyrdy-foto/