Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарнамаға туфлидің табанын сүйіп түскен Нұрлан Абдуллин көпшілікті ашуландырды

Опубликовано:

Жақында атышулы "Беш" әнінің бейнебаянына түскен Нұрлан Абдуллин тыңдарманын тағы да таң қалдыруда. Енді оны сахнадан ғана емес,  аяқ киімдерді жарнамалайтын билбордтардан да көруге болады.

Бұл туралы "Айқын" газетіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Беш" әнінің клипі сынға ұшырағанда, мұны қазақтың етін насихаттау деп ақталған әнші енді жарнаманы қолға алған сияқты", - деп жазады басылым. 

Қазір Алматы көшеле­рінде KIMEX өнімдерін мадақ­таған әншінің суреті ілулі тұр. Суретке әнші туфлидің табанын сүйіп түскен. Әдетте, адамдардың аяқ киімді сүюі қоғамда жақсы қабылдана бермейді. 

"Атал­ған фирма әншінің таны­­мал­дығын пайдаланғысы келген болар. Әнші сүйіп тұрған туфлиді аяғыңа кигің келеді-ақ. Деген­мен... Әнші – халықтың адамы. Жарнамаға түсерде жан-жағындағы жұртқа қараса екен. Ақшадан абырой қымбат. Арзандап бара жатқан жоқпыз ба?", - деп жазады басылым.

Нұрлан Абдуллин қазақ эстрадасындағы танымал әнші. Жарнамаға түсуден бөлек, ол тойларда асабалығымен де танымал. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/335905-zharnamaga-tuflidin-tabanyn-syjip-tysken-nyrlan-abdullin-kopshilikti-ashulandyrdy/

pixel