Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Тарғынов "Чип-чип-чип" әнін Сочиде шырқайды

Опубликовано:

Ел арасында әжептәуір танымалдыққа ие болған Асхат Тарғынов орындап жүрген "Мария, арман едің..." әні бүгінде көршілес елдің де қызығушылығын тудырып отыр. Жуырда ғана Асхат әнші арнайы шақыртумен Орынбор қаласына барып келді.

Бұл туралы хабарлайды.

Енді ол қараша айында Сочи қаласында болатын жабық кешке қатысып, осы әнін шырқамақ екен.

Әншінің айтуынша, Орынбордағы қандас бауырларымыз оны әлеуметтік желілер арқылы тауып алған.

"Сонда тұратын бір бауырымыз түнгі клуб, дәмхана-мейрамханаларды көптеп ашып тастаған екен. Қазақстанда хит болып жатқан "Мария, арман едің..." әнін естіген соң мені шақыртып, жерлестерін қуантқысы келіпті. Түнгі клубта ән салдым, "Мария, арман едің..." әнін тыңдармандар екі рет айтқызды",-дейді Асхат.

Асхаттың Ресей еліне танылуына "Түнгі студия" бағдарламасы себеп болғанға ұқсайды. Яғни "Түнгі студия" қызметкерлері ресейлік әншілерді түсірілімге шақырған екен, сол жерде қазақтың қазіргі хит әндері туралы сөз болыпты. Нұрлан Қоянбаев бастаған түсіру тобы ресейлік әншілерге Асхаттың "Мария, арман едің..." әнін тыңдатқасын әуенінің ойнақылығы оларға ұнап, шақырту жіберіпті.

"Әлеуметтік желі деген жақсы болды. Осының арқасында мен Сочиге де шақырту алдым. Онда бір демалыс кешенінің ашылу салтанаты болады екен. Жабық түрде өткізіледі. Есітуімше, әлгі кешке Валерий Меладзе сияқты танымал әншілер де келетін көрінеді. Бұйыртса, соған барып, қазақтың әнін шырқап беремін",-дейді әнші.

Асхат Тарғыновқа бұдан бөлек Челябинск қаласынан да тапсырыс түсіп жатқанға ұқсайды. Бірақ әзірге келісімшартқа қол қойылмаған, "гонорар" көлемі нақты белгіленбеген.

"Гонорар" демекші, Асхат Сочи қаласында "Мария, арман едің..." әнін орындап бергені үшін 5 мың доллар,  ал Челябинскіде болатын кештен 4 мың доллар алатын ойы барын жасырмады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/338965-ashat-targynov-chip-chip-chip-enin-sochide-shyrkajdy/