Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі ең стильді тележүргізушілер кімдер? (фото)

Опубликовано:

Елге танымал болудың бір әдісі - тележүргізуші атану. Бүгінде теледидар экраны арқылы миллиондаған көрермен жүрегіне жол тартқан, сымбаты мен ақылы жарасқан арулар жетерлік. ztb.kz сайты елге танымал әрі сәнді киінетін тележүргізушілердің тізімін жасады.

1. Баян Есентаева

Баянды танымайтын көрермен жоқ шығар. Үнемі жаңашылдық іздеп жүретін ол түрлі ән ұжымдарына продюсерлік етумен қатар, бірнеше тележобаларды жүргізуде.

Есентаеваны "темір леди" деп атайтындар да көп. Талғамының биіктігімен дараланған ол көп жағдайда сәнді көйлектермен көзге түседі. Ал күнделікті тұрмыста өзіне ыңғайлы киімнен бас тартпайды. 2. Динара Сәтжан Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның да киім кию үлгісі ерекше көзге түседі. Ол көз тартатын әшекейлерімен және сәнді көйлектерімен ел есінде қалады. 3. Аружан СаинҚоғам қайраткері және қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин отандық телевизияда спорттық үлгіде киінетін санаулы жүргізушілердің бірі. Сонымен қатар, ол каре шаш үлгісімен де танымал.4. Аша МатайАктриса, әнші әрі тележүргізуші Аша Матай да стильді жүргізушілердің бірі.

Ол тез көзге түсетін, көлемді әшекейлер тағуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, эксклюзивті әшекей бұйымдарына арналған "Brosh" жүйесін жарнамалайды.

5. Әділ Лиян Тележүргізуші, тележобалар авторы Әділ Лиян әртүрлі түсті киімдер киюден жасқанбайды. Ол спорттық үлгіде де, классикалық стильде де киінгенді жақсы көретін жандардың бірі. 6. Алена ПетроваТележүргізуші Алена Петрова өзінің қарапайым шаш үлгісімен көзге түседі. Сонымен қатар, көп жағдайда көйлек киіп жүргенді ұнатады.

7. Айгүл Мүкей Еліміздегі ең танымал тележүргізушілердің бірі Айгүл Мүкей табиғилығымен ерекшеленеді. Тіпті, боянғанда да оның табиғи көрінетіні рас. 8. Аружан ЖазылбековаТележүргізуші әрі актриса Аружан Жазылбекова да өз-өзін қалыптастырып келеді. Бұл ару әшекейлерге көп құмартпайды. Әйтсе де, оның арасында сәнді сырға тағып жүргенін көруге болады. 9. Әйгерім ЕсенәліТележүргізуші Әйгерім Есенәлі өзінің нәзіктігімен есте қалады. 10. Маржан СұлтанбаеваБір кездері шашын тықырлатып алып тастап, елді бір шулатқан Маржан Сұлтанбаева бүгінде орамалды сәнді етіп тағудың шын шебері атанған.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/344750-elimizdegi-en-stildi-telezhyrgizushiler-kimder-foto/

pixel