Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арнау" тобы сахнадан кетеді

Опубликовано:

Ерекше әндерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген "Арнау" дуеті тарайды. Бұл ақпаратты өнердегі әріптестері растайды деп жазады baistars.kz.

Соңғы кездері Нұржан мен Салтанаттың жеке өнер көрсетіп жүр.

Нұржан Керменбаев басылымдарға берген  сұхбатында Салтанаттың кішкентайлы болуына байланысты топтың жұмысы аздап тоқтап тұрғанын, бірақ, бұл дует тарайды деген сөз еместігін айтқан.

Алайда, әріптестерінің сөзіне сенетін болсақ топ тарап, енді Нұржан бөлек, Салтанат бөлек өнер көрсетпек.

Сондай-ақ, Салтанат театрдағы жұмыстарына байланысты үлгермей жүрген көрінеді. Тіпті, топ мүшелері жеке жаңа әндерін жазуға қызу кірісіп кетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/344876-arnau-toby-sahnadan-ketedi/