Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақылбек Жеменей әйелін де сахнаға шығарды (фото)

Опубликовано:

"Каспий" тобының бұрынғы мүшесі, "Қызыл өрік" атты хит әннің орындаушысы Ақылбек Жеменейдің сүйікті жары үлкен сахнаға шықты.

Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.

Әншінің жұбайы Орынкүл Әбішева әншілікті қолға алып, толықтай өнер жолына бет бұрды. 

Ұлттық арнадан  көрсетілген талантты ақын Құрманай Бақтиярқызының "Жан серігім-қаламым" атты ән кешінде Ақылбектің  жары әнші Ғаділбек Жаңаймен "Егіз Лебіз" атты әнді дуэтте орындаған.

Сүйікті жары секілді өнер әлеміне қадам басқан әнші Орынкүл Әбішеваның репертуарында әзірге 4 ән бар.

Сонымен қатар, Орынкүл өмірлік серігі Ақылбек Жеменей және өнердегі өзге де әріптестерімен бірге гастрольдік сапарларға шығып, көпшілікке танылып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/346142-akylbek-zhemenej-ejelin-de-sahnaga-shygardy-foto/

pixel