Қазақстандық әнші Григорий Лепспен қазақша ән шырқамақ
Опубликовано:
Қазақстандық әнші Серікбол Сайлаубек Ресей эстрадасының жұлдызы Григорий Лепспен қазақша ән шырқамақ.
Бұл туралы ол baistars.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.
"Григорий Лепс мырзамен Алматыға келгенде кездестім, таныстым. Жақсы сөз — жарым ырыс дейді қазақта, мен сол кісімен ән айтуға ниет еттім. Оның да орындалатын уақыты келеді", - дейді әнші Серікбол.
Ол Лепстің қазақ тілінде ән шырқауы қанша тұратынын жасырын қалдырды.
"Ебін тапсаң бәрі болады. Мәселе, ақшада емес. Шынайы келгенде бәріміз теңбіз" , -деді жас әнші.
Сонымен қатар, Серікболсын Сайлаубек Лепспен ән айтудағы мақсатының не екенін де түсіндіріп өтті.
"Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндер көп. Ендеше, Ресей эстрадасы жұлдызының 1 шумақ қазақ тілінде ән айтуына таң қалмау керек" - деді ол.
Серікболсын ел эстрадасындағы жас әншілердің бірі. Ол үнемі көзілдірік киіп жүретіндігін Қайрат Нұртасқа еліктегеннен емес, бір көзінің көрмейтіндігімен түсіндірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/347226-kazakstandyk-enshi-grigorij-lepspen-kazaksha-en-shyrkamak/