Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Итіне "қалыңдық" іздеген Жеңіс Ысқақова сынның астында қалды

Опубликовано:

Танымал әнші Жеңіс Ысқақованың отандық телеарна арқылы  итіне "қалыңдық" іздегені көпшілік наразылығын тудырды. Бұл туралы Қазақ үні басылымы жазады.

Мақала авторы Жұмамұрат Шәмші әншінің итіне төрге төсек салып беріп, тіпті, оған "қалыңдық" іздегенін сынаған.

"КТК телеарнасындағы бір бағдарламадан белгілі әнші  Жеңіс Ысқақова қасындағы итіне қарап сөйлеп тұр. "Мына итті күшігінен асырап алғанмын, осы үйдің мүшесіндей болып кетті, отағасы болмаған соң, төрге төсек салып беремін. КТК телеарнасының көрермендерінің құлақтарына алтын сырға, кімнің қыз күшігі болса, мен құда түсуге дайынмын, құда болайық", – деп ыржалаңдап қояды. Қазақтың итке төрден төсек салып бергенін естімеген едік", - дейді мақала авторы.

Автордың айтуынша,  қазақ итті жеті қазынаның біріне балағанымен, үйінің төрінен орын беріп, қойнына алып жатпаған.

"Дүйім жұрттың алдына шығып итіне "қалыңдық" іздегені экранның арғы жағындағы қалың көрермен қауымды сыйламағаны емес пе? "Итіме әр екі сағат сайын сүт беріп, ұйықтатамын. Арнайы ас әзірлеп, базардан ет, шұжық алып, пісіріп беремін. Қарасуға қайнаған ет пен макаронды жемейді" деп тойынғаны да дұрыс емес", - делінген мақалада.

"Бұдан біраз уақыт бұрын "Итім үшінші ұлымдай болып кеткен" деп дүйім жұртты дүрліктірген Ысқақованың иттен басқа тірлігі қалмаған ба деп қаласың", - деп автор әншінің бұл әрекетіне наразылығын білдірген.

Еліміздегі және шетелдегі маңызды жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыздар!

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/349639-itine-kalyndyk-izdegen-zhenis-yskakova-synnyn-astynda-kaldy/