Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан шоу-бизнесіндегі жасқа қарамайтын махаббат иелері (фото)

Жарияланған күні:

Өткен жолы танымал әнші актерлердің арасында жұбайын, отбасын жасыратындар жайлы әңгіме қозғаған болатынбыз. Сайтымызға келіп түскен оқырмандар пікіріне жүгінсек, "жұмбақ жұбайлардың" құпиясы көпшілік ойлағаннан да көп сияқты.

Міне, осы пікірлерді ескере отырып, Қазақстан сахнасындағы жасқа қарамайтын махаббат иелерін түгендеп көрген едік.

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева тұрмысқа шыққаннан бастап жарының кім екенін жасырумен әуре болды. Тіпті той суреттерінде ешкімге жариялатпады. Дильназдың жүрегін кім жаулады екен деген сырт көздің сұрағы басыла бергенде, әнші күйеуінің суретін әлеуметтік желідегі парақшасына салған еді.

Бірақ сурет соңында қалдырылған пікірлерге қарағанда Дильназдың жары өзінен 8-10 жас кіші деген пікірлер көп айтылған. Бірақ, әнші осы пікірлерді растаған жоқ. Әрине, жоққа да шығармаған. 

Гүлнұр Оразымбетова өзінен 21 жас үлкен мемлекеттік қызметкерге тұрмысқа шыққан. Бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр.

"Махаббат ештеңеге қарамайды. Біздің арамыздағы түсіністікті таза сезім деп айта алар едім. Отбасын құру үшін немесе біреуді сүю үшін ешқандай қағиданың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ол кісі спортпен тұрақты айналысады. Кейде тіпті қимыл-қозғалысы меннен ширақ", - деген еді әнші өмірлік жары жайлы.

Танымал әнші Мадина Сәдуақасованың күйеуі Олжас өзінен 7 жас кіші. Әнші жары екеуінің арасындағы жас шамасын басынан бастап жасырған да емес.

Қайта "Махаббат жасқа қарамайды деген осы шығар. Олжастың жасы меннен кішкентай болғанымен көргені көп. Кейде маған ақыл айтып отырады. Енді арамызда баламыз бар. Нәрестенің тәрбиесіне көп көңіл бөліп жатырмыз. Жасымызға қатысты қазірге түсініспестік болған емес" деген.

Мадина бүгінде Олжас есімді жарымен бірге бақытты өмір сүріп жатқанын да айтты.

Танымал әзілкеш Дәуіт Шайхысламовтың жары белгілі журналист әрі продюсер Дана Орманбаева. Олда өзінің күйеуінен біршама үлкен.

Бұл жұптың отасқанына да біраз уақыт болып қалды. Олардың балалары да қазір өсіп қалған.

Белгілі актер Асанәлі Әшімовтың жары өзінен әлде қайда жас болса да екеуі бақытты. Бұл жұптың Асанәлі Асанәлі есімді ұлдары бар.

Рүстем Нұржігіттің де жары өзінен үлкен. Ол "Жас аралықта тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бастысы түсіністікте. Қазір  баламыз өсіп кележатыр. Біздің арамызда осы жасымызға қатысты мәселе болады деп ойламаймын" деген болатын. Десе де әнші жарының нақты кім, қанша жасқа өзінен үлкен екенін айтудан бас тартады.

Әнші Баян Нұрмышеваның жары жайлы да әлеуметтік желі қолданушылар түрлі пікір таратты. Бұрындары халық бұл әншіні өзінен әлде қайда үлкен кісіге тұрмысқа шықты дейтін. Қазір қайта жас жігітпен бас қосты дейтін болыпты.

Ол Ерлан Орынбасаров дейтіндердің қатары көп. Ал әнші қыз жігітті продюсерім дегенді алға тартады. Баянның өзі продюсерімен тек жұмыс бойынша ғана қарым-қатынасы барын айтып жүр. Бірақ Баянның жары жайлы айтуына осы кісі тыйым салыпты мыс.

Әнші Құрмаш Маханов та жұбайлар арасындағы жас шамасына қатысты сөйлескісі келмейтіндердің бірі. Бұл тақырыпқа орай ол журналистерге берген сұқбатында "Осы сұрақ менің больной темам" деп қысқа қайырған еді.

Ал белгілі тележүргізуші, журналист Маржан Сұлтанбаеваның да жарының кім екенін білгісі келетіндер көп екен. Маржан тұрмысқа шыққалы отбасылық өмір мен күйеу тәрбиесі жайлы жеке парақшасында жиі айтып жүр.

Сол ақыл кеңесі үшін біраз халықтың сынына ұшырады десек те болады. Өз кезегінде оқырмандар Маржанды "өзінен ересектеу діндар кісінің үшінші немесе төртінші тоқалы" деп көп жазды.

Ал тележүргізушінің өзі қазірге халық сұрағына нақты жауап беруден бас тартып отыр.

Тек әлеуметтік желілердің бірінде "осырақ шалы" бар екенін айтып қалған еді.Жақында ғана екінші рет отау көтерген Еркін Нұржанның жары өзінен 14 жасқа кіші.

Бұл жұп та жақында ғана балалы болған еді. Бірақ әншінің өзі отбасы жайлы ашық әрі барлық сұраққа жауап беруден көп қашқақтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/354463-kazakstan-shou-biznesindegi-zhaska-karamajtyn-mahabbat-ieleri-foto/