Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас 4-нші рет әке атанды

Опубликовано:

Қазақстанның танымал әншісі Қайрат Нұртас 4 рет әке атанып отыр. Бұл туралы Неке.кз сайты хабарлайды.

Қайраттың жары Жұлдыз өмірге Хан есімді ер баланы дүниеге әкелді.

Естеріңізге сала кетсек, Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен 2007 жылы отбасын құрған. Қайраттың Сезім мен Алау есімді екі қызы және Нарұл есімді ұлы бар.

Әнші белгісіз бір себептермен өз тыңдармандарынан жары мен отбасын жасырып келеді. Мүмкін сондықтан болар, ол, сайттың жазуы бойынша, ұлының дүниеге келуі туралы ақпаратты да растамапты.

Еске сала кетсек, бұған дейін NUR.KZ әншінің отбасы туралы фоторепортаж жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/356045-kajrat-nyrtas-4-nshi-ret-eke-atandy/