Айдана Меденова ұзатылды (фото)
Опубликовано:
20 наурыз күні Кеш You тобының бұрынғы әншісі, сәнгер Айдана Меденова FM, Indigo топтарының продюссері Алишер Нұржановқа ұзатылды деп хабарлайды Neke.kz.
Айдананы ұзату тойымен құттықтап Али Оқапов, Жания Джуринская, Алдаспан тобының ритм-домбырашысы Бақытжан Желдербаев жарымен, Сейфуллин Жолбарыс сынды әріптестері келді.
Ең қызығы, Айдана ұзатуға да, үйлену тойға да өзінің бұрынғы продюссері Баян Есентаеваны шақырмаған. Әлеуметтік желіні қолданушылар тарапынан "Неге шақырмадыңыз?" деген пікірлер көптеп жазылған.
Айдана Меденова мен Әлішер Нұржановтың үйлену тойы 22 - наурыз күні Алматы қаласында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/361043-ajdana-medenova-yzatyldy-foto/