Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санжар Мәдиев ресейлік боевикте ержүрек батыр рөлін сомдайды

Опубликовано:

Қазақстандық актер Санжар Мәдиев ресейлік фантасикалық боевикке түседі, деп хабарлайды "Кинопоискке" сілтеме жасап baistars.kz.

"Защитник" фильмінің түсірілімі 27 сәуірде басталып, көрермен назарына 2016 жылы ұсынылмақ. Режиссері "Ограбление по-американский", "Что творят мужчины", "Служебный роман", "Наше время" сияқты киноларымен таныс Сарик Андреасян.

КСРО кезіндегі суық соғыста құрылған "Патриот" ұйымының батырларын Антон Пампушный, Санжар Мәдиев, Себастьян Сисак-Григорян мен Алина Ланина сомдайды.

Валерия Шкирандо "Патриоттың" жетекшісін ойнаса, Станислав Ширинге Мәскеуді басып алушылар армиясын жинаушының рөлі бұйырыпты.

Ал Пампушныйды пулеметпен қарулана алуға қауқарлы Арсус атты аюдың, Мәдиевті азиаттық Хан батырдың, Сисак Григорянды кавказдық Лерді таспен билеушінің, Алина Ланинаны су сұпрапылының қолбасшысы Ксенияның рөлінде көруге болады.

Авторлардың айтуынша ержүрек батырлардың рөлін сомдауға бұрын КСРО құрамында болған түрлі халықтардың өкілдері жұмылдырылған. Сонымен қатар олар фильм негізінде франшизу құрып оны сюжет желісіне біріктірмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/362416-sanzhar-mediev-resejlik-boevikte-erzhyrek-batyr-rolin-somdajdy/

pixel