Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдар Қайрат Нұртасқа еліктеп, 3D форматында концерт өткізді

Опубликовано:

Әнші Ернар Айдар Шымкент қаласында "Ақ бақытым" атты 3 D форматында концерт өткізген соң, оны Қайрат Нұртаспен салыстырушылар көбейді.

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлады.

Тыңдармандарына 3 D форматта кеш ұйымдастырған ол жаңа әндерін орындап, көпшілікті қуантты.

Ернар Айдар – 2012 жылы “Жарығым-ай” әнімен халықты елең еткізіп, тез танылған әнші. Бүгінде оның әрбір туындысы хитке айналып, тыңдармандарының қатарын арттыруда.

Шымкентте өткен “Ақ бақытым” концерті де бұл жолда септігін тигізбек. Себебі, кеш 3 D форматта өтті.

Концерт 4 бөлімнен құралды. Кеш барысында қоржынындағы 80-нен астам туындының үздіктері орындалды.

Ернар Айдарды  Қайрат Нұртаспен салыстырып, танымал әншіге еліктейді деп есептейтіндер көп. Тіпті, жас әнші Қайраттың ізіне еріп, 3 D концертін де елге ұсынды.

Бірақ әнші Қайратқа еліктемейтінін айтып, ақталды. Алдағы уақытта ол  жеке концертімен еліміздің өзге өңірлерін араламақ. Кейіннен, мелодрама жанрында кино түсіріп, басты рөлді өзі сомдамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/755192-ernar-aydar-qayrat-nurtasqa-eliktep-3d/

pixel