Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жұлдыздар миллионер атанды (фото)

Опубликовано:

Алматыда Top Hits Award сыйлығымен марапаттау салтанаты өтіп, қазақстандық жұлдыздар алғаш рет 5 000 000 теңге жүлде қоры үшін таласты деп жазады comode.kz.

Қаржылай сыйлық бұйырған әншілер қатарынан Айқын Төлепберген, Серік Ибрагимов пен Баян Есентаеваның тобы – Keshyou табылды.

Музыка саласындағы Top Hits Award атты жаңа сыйлықты Muzlife телеарнасы мен NS радиосы ұсынды. Ұйымдастырушылар бұл шара жыл сайын аталып өтіп, орындаушылардың өздерін танытуына үлкен септік болатынына сенеді.

Биыл 5 000 000 теңгені құраған сыйлық қоры жыл сайын өсіп отыруы мүмкін. Номинациялар үш бағытта беріліп, үш жеңімпаздар есімі белгілі болды.

Top Girls "Үздік әйелдер тобы" немесе "Үздік орындаушы" (2000 000 теңге) номниациясын Keshyou ұтты.

Тыңдармандар көңілінен топтың "Келші жаныма" әні шыққан.

Top Boys "Үздік ерлер тобы" немесе "Үздік орындаушы" (2000 000 теңге) номинациясы Серік Ибрагимовке бұйырды.

Серік Ибрагимов (сол жақта) сахнаға шыққанына бір-ақ жыл болса да танымал болып үлгерді.

People's choice "Көрермендер таңдауы" (1000 000 теңге) Айқын Төлепбергенге түсті.

Әріптестеріне қолдау көрсетуге Бүркіт пен Аиша, Кәмшат Жолдабаева, Рүстем Оразбеков, Лидо және өзгелер келген. Баян Есентаева өз кезегінде Инстаграм парақшасында тобына дауыс бергендердің барлығына алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/757648-zhuldyzdar-millioner-atandy/