"Домино" тобының әншісі Шолпан Бейсенова ана атанды
Опубликовано:
27 мамырда "Домино" тобының әншісі Шолпан Бейсенова тұңғышын дүниеге әкеліп, ана атанды деп хабарлады baistars.kz.
Әнші ана атануын асыға күткен болатын. Бірнеше жыл бұрын ауыр жол апатына түскеніне қарамастан, Бейсенова дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді.
Бойы 53 сантиметр, салмағы 3 келі 200 грамм бөбекке есім де таңдалып қойған.
Шолпан мен жолдасы Мирас ұлдарына Дінмұхамед есімін беруді жөн көрген екен.
Еске салсақ, "Домино" тобы 2005 жылдан бері "Алло", "Айым-ай" әндерімен танымал болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/770562-domino-tobynynh-anshisi-sholpan-beyseno/