Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарақат Әбілдина: "Муз-ТВ" біраз адамды оятып, басымызды біріктірді

Опубликовано:

Қазақ дәстүрлі әнін орындаушы Қарақат Әбілдина да "Муз-ТВ" төңірегінде ұласқан дау-дамайға қатысты үнсіз қалмады. Ол айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның айтқан пікіріне өз көзқарасын Instagram парақшасында білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жалпы өткен iске сыншы көп қой деп үндемей қалғым-ақ келiп едi... Айнұрдың постын оқып отырып, "Өнерге әркiмнiң-ақ бар таласы..." дегендей осы елдiң әншiсi ретiнде қоғамда болып жатқан жағдайға көз жұмып қарағаным жарамас деп ой бөлiскiм келдi", -деп сөзін бастады әнші.

Қарақат жұртты шулатқан "Муз-ТВ" жобасы біраз адамды оятып, бастарын біріктірді деген көзқарасын жеткізді.

"Әр нәрсенің кайыры бар демекші" осы бір жұртты шулатқан жоба біраз адамды оятып, басымызды біріктіріп кеткендей болды маған... Бiзде осы тастай ауызбiршiлiк бұрыннан болғанда бiз бүгiнгiдей бармақ тiстеп отырмас едiк! Ия, өкiнiш көп болды! Оны қайта-қайта езе бергеннен ештеңе ұтпаймыз".

Әбілдина кезінде еліміз отандық жұлдыздарға еш қолдау көрсетпегенін айтып, назын білдірді.

"Осындайда еске түседi, кезiнде Қыдыр Ұлытауды бүкiл әлемге танытып, басқа мемлекеттердiң ТВ-ларына ротация жасағысы келгенде еш мемлекет рұқсат бермеген едi! Осы бiр мысалдан-ақ бәрін түсiнуге болады. Өзiмiздi өзiмiз қолдайық. Мемлекеттiң өз өнерпаздарын қолдайтын уақыты жеттi деп ойлаймын... Идеологияны дамыту керекпiз. Кiм көрiнгенге тамсанып болдық қой. 70 жыл аузымызды ашқанымыз жететiн шығар? Құрметтi әрiптестер! Бiзге оянатын уақыт келдi", - деп көпшілікке ой тастады Қарақат.

Әнші барлығы бірігіп, бір жұдырық болып, мәдениетімізді көтеретін уақыт келді деп есептейді.

"Бiздiң мәдениетiмiздi сырттан бiреу келiп, көркейтiп бермейтiнi ап-анық. Өзiмiзде Құдайға шүкiр қолынан келетiн бiлiмдi де бiлiктi, талантты ұйымдастырушылар жоқ емес. Атын атап, түсiн түстемей-ақ қоятындар бар. Сол жандардың басын бiрiктiрiп, тiзгiндi берсе, сенiп тапсырса сосын барып сұраса дейсiң ғой. Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi - бiз бiрiксек, жұдырық болып жұмылсақ бәрiн жеңемiз..." , - деп сөзін түйіндеді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/784739-qaraqat-abildina-muz-tv-biraz-adamdy/