RU

Ресейлік рэпер Тимати мен атыраулық МС Сайлаубек ғаламторда айтысып жатыр

Танымал ресейлік рэпер Тимати өз  Instagram парақшасында қазақстандық интернет жұлдызы Сайлаубекті жекпе-жекке шақырып, видеохабарлама жүктеді. Сайлаубек оған көп ұзамай жауап қайтарған.

Тимати Сайлаубектің танымал әнін орындап, өзін Қара Жұлдыз атайды. Айта кетейік, ресейлік рэпердің 2 млн-нан астам жазылушылары бар.

Сайлаубек 15 маусымға қараған түні Тиматиге жауап қайтарды. Оның жауабы Тиматидің парақшасында жарияланған.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың ақпанында  МС Сайлаубектің түсініксіз тілде рэп оқуы қазнетті шулатқан болатын. Бір айдың ішінде ролик үлкен сұранысқа ие болып, рэпер қазақстандық жұлдыздар қатарына қослыды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/788195-timati-saylaubekti-sozshayqasqa-shaqy/