Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Жанна Фриске көз жұмды (фото)

Опубликовано:

Ресейлік танымал әнші әрі әртіс Жанна Фриске 40 жасында онкологиялық сырқаттан көз жұмды. Бұл туралы "РИА Новостиге" оның әкесі хабарлады.

Шоу-бизнес жұлдыздары қайғылы хабарды ести салысымен, жұлдыздың отбасына көңіл айтуда.

"Қош бол, сүйікті Жанна… қош бол досым… нағыз досым… мен жылап отырмын… бұған сене алар емеспін… бұл қатыгездік…", - деп жазды ресейлік әнші Филипп Киркоров.

Жанна Фриске 1974 жылы 8 шілдеде Мәскеу қаласында дүниеге келді. 1996 жылы Жанна "Блестящие" тобының құрамында өнер көрсете бастады. 2003 жылы жеке әншілік мансабын бастады. Кино әлеміне алғашқы қадамын 2004 жылы режиссер Тимур Бекмамбетовтің "Ночной дозор" фильміне түсуден бастады.

Ал 2005 жылы "Дневном дозор" фильміне түсті. Фриске "Цирк со звездами", "Сердце Африки", "Империя", "Ледниковый период 2" тележобаларына қатысқан. Playboy, Penthouse, Maxim және Elle журналдарының мұқабаларына шығып тұратын. Кино мен шоу-бизнестегі үлесі үшін Фриске бірнеше марапаттар алған.

2013 жылы дәрігерлер Фрискенің бас миында ісік барын және оның ота жасауға жарамсыз екенін анықтады. Оған көмекке он миллион рубльден астам қаражат жиналды. Алайда әнші кеселді жеңе алмады.

Ресейлік "Блестящие" тобы 1995 жылы композитор Андрей Грозныйдың бастамасымен құрылған.

1998 жылдың маусым айы. "Блестящие" тобының әншілері Жанна Фриске, Ольга Орлова және Ирина Лукьянова (солдан оңға қарай) "Золотой граммофон" іс-шарасында өнер көрсетуде.

"Блестящие" тобы

 

Жанна Фриске Андрей Губиннің "Всегда с тобой" альбомын жария ету кешінде.

Жанна Фриске "Цирк со звездами" шоуының түсірілімінде. 2007 жыл.

Жанна Фриске "Кристалл" казиносында өткен "Стиль года" байқауының жеңімпаздарын марапаттау кешінде.

Жанна Фриске "Красота требует…" музыкалық комедия түсірілімінде.

Жанна Фриске режиссер Тимур Бекмамбетовтің "Дневной Дозор" фильмінде Алисаның рөлін сомдауда.

Жанна Фриске "Ледниковый период" шоуында.

Жанна Фриске Сергея Лазаревтің Isterika түнгі клубында өткізген туған күн кешінде.

2015 жылдың қысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/789193-anshi-zhanna-friske-koz-zhumdy-foto/

pixel