Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмас Кішкенбаевтың жетекшілігіндегі V-Alem тобы тарады

Опубликовано:

Алмас Кішкенбаевтың жетекшілігіндегі V-Alem тобы тарады. Оның алдағы тағдыры әзірге белгісіз.

Бұлай деуімізге бірнеше жағдай себепкер. Топ мүшесі Ерден Жақсыбеков қазір жеке шығармашылығына басым уақытын арнап, дамыту үстінде және отбасына көңіл бөлуде. Ал топтағы екі бойдақтың бірі Жалын Тілеубергеннің толықтай Астана қаласына қоныс аударығанына екі ай болды. Жолдастарының айтуынша жақында ол шаңырақ көтеруді жоспарлап жүр екен. Сонымен қатар қазір "Қазақ әуендері" бірлестігінде жұмыс жасап жатыр. Топтың тағы бір мүшесі Ардақ Салқашев екі қыз бен төрт жігіттен құрылған Premium тобында өнер көрсетпек. Осы жағдайдың бәрі V Alem-ді болашақта топ ретінде көре алмауымызға себепкер болуы мүмкін.

Топ негізінен 2011 жылдың 15 сәуірінде құрылған. Бастапқыда топта Мейрамбек Оспанов, Ардақ Салкашев, Ерасыл Абдуалиев, Жалын Тілеуберген, Азамат Ержанұлы сынды 5 жігіт өнер көрсеткен.

Жалпы Алмас Кішкенбаевтың бастамасымен құрылған жобалардың ешқайсысы осы күнге дейін нәтиже көрсетіп, жұлдызы жанбады. Мәселен Алмас осыған дейін "Қазақстан Дауысы" жобасының финалисі Тимур Омаровпен бірнеше ән жазып, бейнебаян да түсіріп берген болатын. Алайда көп ұзамай жұмыс тоқтатылды.

Кейіннен тағы да "Қазақстан Дауысы" жобасының финалисті Иса Алимусаевпен жұмыс бастамақ болған. Алйда ол да нәтижесіз болды.

Ендігі V-Alem тобының болашағы не боларын көп ұзамай білетін боламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/811463-almas-kishkenbaevtynh-zhetekshiligindeg/