Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50 Cent өзін банкрот деп жариялады

Опубликовано:

АҚШ-тың танымал рэп орындаушысы 50 Cent (Кертис Джексон III) өзінің банкроттығын жариялап, сотқа құжаттарын өткізді.

Әншінің заңгерлері хабарлағандай, 50 Cent қарызға әбден батып қалған. Оның жалпы берешегі активтері 10-50 миллион доллар арасында бағаланып отыр.

Кертис Джексонның мұндай қадамға баруына өткен жұмадағы сот шешімі де себеп болуы мүмкін. Заң органдары әншінің Ластони Левистон есімді әйелге $5 млн беруін міндеттеген болатын.

Өйткені, осыдан 5 жылдай уақыт бұрын 50 Cent өзінің бәсекелесі әнші Рик Росс пен оның сүйіктісі Левистонның төсек қатынасы бейнеленген видеожазбаны интернетке жүктеп жіберген.

Левистон сотта өзінің қатты күйзеліске ұшырап, тіпті өзіне қол жұмсамақ болғанын дәлелдеп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/817821-aqsh-rep-oryndaushysy-50-cent-ozin-bankrot-dep/

pixel