Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майкл Джексонның әкесі зағип болып қалды

Опубликовано:

 Марқұм  Майкл Джексонның әкесі ауруханаға түсті. Америкалық БАҚ-тың деректеріне сүйенсек, продюсер Джо Джексон бразилиялық Сан-Паулу қаласындағы госпитальдардың бірінде қарқынды терапия палатасына жатқызылды.

26 шілдеде Джексон 87-ге толды.  TMZ деректеріне сүйенсек, Джексон инсульт алып, көзі мүлдем көрмей қалған. 2012 жылы да ол ауруханаға инсультпен түскен болатын.

Джексон отбасына жақын дереккөз оны дәрігерлердің тексеріп  жатқанын хабарлады. Ал туыстары оны емдеу үшін АҚШ-қа жеткізу мәселесін қарастырып жатыр.

Джо Джексон 22 шілде күні Бразилияға туған күнін тойлауға келген. Бірақ Джексон сырқаттанып қалып, мерекеге қатыса алмады. Дегенмен Сан-Паулудың гольф-клубтарының бірінде салтанатты кеш өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/832729-maykl-dzheksonnynh-akesi-zaghip-bolyp-qa/

pixel