Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басы тақыр блогер Голливудты шашы жоқтарды әзәзіл етіп көрсетеді деп айыптады (видео)

Опубликовано:

Қақсқабастанумен сырқаттанған блогер өз YouTube парақшасында фильмдерде шашы жоқтарды қашан да әзәзіл етіп көрсететіні үшін Голливудты сынға алатын сатиралық видео жариялады.

26 шілде күні жарияланған бейнероликті 50 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген. Танымалдылыққа ие болған видеоға Independent басылым да назар аударған.

DarkMatter2525 лақап атымен тіркелген пайдаланушы өз видеосында блокбастерлердегі жақсы кейіпкерлер қашан да әдемі шаш иелері, ал жаман кейіпкерлер мүлдем шашсыз көрсетілетінін баяндаған.

Ол бұған мысал ретінде "Супермен", "Ессіз Макс", "Матрица", "Темір адам", "Гарри Поттер", "Сақиналар әміршісі" (Властелин колец), "Жұлдызды жауынгерлер" (Звездные воины) және басқа да фильмдердегі тақырбас жауыздарды тізбектеген.

Ер кісі Хагрид пен Гэндальф сияқты жағымды кейіпкердердің шашы екі адамға жетерлік екенін, ал Волан-де-Морттың жаулары мен орктарда мүлдем шаш жоқтығына ренжулі.

Блогер, сонымен қатар жаман кейіпкерлер бұрыс жолға түскен сайын тақыр бола бастайтынын да байқапты. Оған мысал ретінде Дарт Вейдерді келтірген.

"Басы тақыр адамдар жаман, жауыз деген көзқарас біздің мәдениетімізге әбден сіңіп кеткен", - деп назын білдірді блогер.

Енді жауыз адам болып көрінудің оңай жолы ашылды десек болады. Жай басыңызды тақырлап шықсаңыз жетіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/835493-basy-taqyr-bloger-gollivudty-shashy-zhoq/