RU

Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке ересек қызын көрсетті (фото)

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке бойжетіп қалған қызы Айдананы таныстырды.

Ақын  өзінің Instagram парақшасын қызы Айданамен түскен суретін жариялап, ана үшін бала өмірінің қаншалықты қымбат екендігін жазды.

«Айдананы босанғанда 20 жаста едім. Әлі есімде, іші ауырып жыласа, қосылып жылайтынмын. Осыдан біраз жыл бұрын қызым аппендицит болып ауырды. Өзім Таразда айтыста жүргем. «Айкош ауруханада жатыр» деген сөз маған «қызың өлейін деп жатыр» дегендей естілді. Алматы арқылы Астанаға ұшып келдім. Ұшып келдім деп қазір айтып отырмын, сол кезде секунд санап қалай жеткенімді білмеймін де...», - деп жазады айтыскер ақын.

Осылайша, баланың өмірі ана үшін аса маңызды екенін айтқан Айнұр Тұрсынбаева сәбиін көшеге тастап кететін көкек аналарды қатты сынаған.

«Біз жылы үйде отырған, қарны тоқ, үп-үлкен балаларды ойлап мазамыз қашады. Ал жаңа туған сәбиін көшеде шырылдатып тастап кете беретіндердің жүрегі қайда сонда?», - деп өкініш білдіреді ақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/839430-aynur-tursynbaeva-kopshilikke-eresek/