Айдай Исаева тұңғышын дүниеге әкелді
Опубликовано:
"Қазақстан аруы-2013" байқауының жеңімпазы 25 жастағы Айдай Исаева ұлды болды.
Бұл туралы Исаеваның құрбысы Әсем Нұрсейітова өз Instagram парақшасында жария етті.
«Мақсат, Айдай!!!!! ҰЛДЫ болуларыңмен құттықтаймын!!! Бауы берiк болсын!!!», - деп тілегін жазған Әсем жас жұбайлардың фотосын жария еткен.
Исаеваның жолдасы Мақсат консталтинг компаниясының бас директоры әрі қайырымдылық қорының президенті қызметін атқарады.
Айдай болашақ жарымен мейрамханалардың бірінде танысқан екен. Ол құрбыларымен бірге сынақты сәтті тапсыруын тойлаған. Ал Қазақстандағы ең әдемі қыз болып танылған Айдайдың көңіл жарастырған жігіті Мақсат сол кеште көрші үстелде отырыпты.
Айдай мен Мақсат ағымдағы жылдың сәуір айында отау көтерген болатын. Айдай Исаева сұхбат барысында тойды кішкентай сәбиге бола ертерек өткізгендерін жасырмады. Ол “Әлем аруы” байқауына аяғы ауыр күйінде қатысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/889910-ayday-isaeva-tunhghyshyn-duniege-akeldi/